Павлодарда көшелерді қардан тазалау жұмысы қарқынды жүргізілуде

Павлодарда көшелерді қардан тазалау жұмысы қарқынды жүргізілуде
К.Шелковтың иллюстрациялық суреті

Аталған жұмыстарға қалалық қызметтер 9 қаңтардан бастап кірісті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар қаласының әкімі Хасар Хабылбеков облыс орталығындағы жеке сектор аумақтарындағы қарды тазалау және шығару жұмыстарының барысын тексерді.

- Аталған жұмыстарға қалалық қызметтер 9 қаңтардан бастап кірісті. «Зеленстрой» шағынауданында жұмыстар толық аяқталды. «Екінші Павлодар» шағынауданында 33 көшенің 7 көшесінде қазіргі таңда жұмыстар аяқталды. Тазалау бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде, - деді шаһар басшысы.

Жеке секторда қарды шығару бойынша негізгі жұмыстарды ақпан айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Наурыз айында су тасқынына қарсы іс-шаралар аясында қарды қайтадан шығару және тазалау күшейтілген режимде ұйымдастырылатынын атап өтті. 

Қазіргі уақытта жеке сектордағы жұмыстарға 10 бригада және 70 бірлік арнайы техника жұмылдырылған.

Хасар Хабылбеков жауапты мамандарға қаланың магистральдық көшелерін тазалау қарқынын төмендетпеуді, сондай-ақ аялдама павильондарының, жаяу жүргіншілер өткелдерінің және тротуарлардың уақтылы тазалануын қамтамасыз етуді тапсырды.