7 мамырда Павлодар облысында күн ыстық болады

7 мамырда Павлодар облысында күн ыстық болады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Сынап бағанасы күндіз ...+30°C дейін көтеріледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыста түнде ауа температурасы +8...+13°C болады. Облыстың батысында аздаған жаңбыр күтіледі. Күндіз +22...+27°C дейін жылы болады. Өңірдің батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай болжанады.

Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге дейін жетеді.

Ал Павлодарда түнде +9...+11°C. Күндіз +22...+27°C дейін жылынады. Жаңбыр, найзағай күтіледі.