8 наурызда павлодарлықтар арзан өнімдер сатып ала алады

Жергілікті тауар өндірушілер ет, сүт, бал, көкөністер және басқа да өнімдерді қолжетімді бағамен ұсынады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметінше, шара дәстүрлі түрде ұйымдастырылып, жәрмеңкеге Ақтоғай, Железин, Павлодар, Щарбақты аудандары мен Павлодар қаласының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысады.
Жәрмеңкеде сиыр еті келісіне 1700-2300 теңге, жылқы еті 2300-2500 теңге, қой еті 1900-2100 теңге, шошқа еті 1800-2000 теңге, 1-санаттағы жұмыртқа ондығына 420 теңге, шикі сүт литріне 200 теңге, бал келісіне 2000-2500 теңге, картоп келісіне 110 теңге, сәбіз келісіне 80 теңге бағасымен ұсынылады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, жәрмеңкеде сапалы әрі қолжетімді бағамен өнімдерді сатып алуға болады.