9 қыркүйекте Павлодар облысында күн жылы болады

9 қыркүйекте Павлодар облысында күн жылы болады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Желдің жылдамдығы секундына 7-12 метрге жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» мәліметінше, облыс бойынша түнде ауа температурасы +9...+14°C, күндіз +27...+32°C аралығында болады. Жауын-шашын күтілмейді.

Павлодар қаласында түнде ауа температурасы +10...+12°C болады. Аспанды бұлт аздап торлап, жауын-шашын болмайды. Күндіз ауа температурасы +29...+31°C-қа дейін көтеріледі.

Синоптиктердің болжамынша, өңірде жылы әрі жайлы ауа райы сақталады.