Аққулы ауданы әкімдігі жұмысқа шақырады

Аққулы ауданы әкімдігі жұмысқа шақырады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жұмыссыз және жұмыс іздеп жүрген азаматтар жұмысқа орналаса алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Аққулы ауданы әкімдігінің мәліметінше, 28 қараша күні сағат 15:00-де жұмыссыз және жұмыс іздеп жүрген азаматтар үшін Аққулы ауданы мәдениет үйінде бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылады.

Аққулы ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға конкурс жариялады: Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы, ауданның мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы (2 бірлік), ауданның кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы, ауданның ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі, аудан әкімінің аппараты мемлекеттік-құқықтық бөлімінің жетекші мамандары.