Аққулы ауданында құрғақ шөп жанды

Аққулы ауданында құрғақ шөп жанды

Павлодар орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің аумағына өтіп кетті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, өрт Аққулы ауданы, Қарақала ауылдық округінде тіркелді.

- Онда 4 шашыраңқы ошақта ашық жерде құрғақ шөп өртенді. Жалпы аумағы 10 гектар жер. Тілсіз жау Павлодар орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің аумағына өтті. Ондағы өрт  аумағы шамамен 15 гектар, - делінген хабарламада.

Оқиға орнында ТЖД және орман шаруашылығының 11 бірлік техникасы мен 39 қызметкері жұмыс істеуде.

Сонымен қатар, сағат 19:25-те Павлодардан ТЖД 5 техникасы мен 17 қызметкерінен тұратын автоколонна шықты.

Өртті оқшаулау немесе жоқ әлі мүмкін болмай жатыр.