Павлодарда қария шаңғымен мұз астына түсіп кетті
Осы бұзушылық үшін оған айыппұл салынды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Ертіс өзенінде 64 жастағы ер адам өзен вокзалы ауданында шаңғы тебу кезінде мұз астына құлаған. Ер адам судан өзі шыға алды. Оқиға орнына ТЖД жедел-құтқару жасағы мен 102, 103 қызметтері келді. Қарияға жедел медициналық көмек көрсетілді.
- Ер адамға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 412-бабы бойынша 12 922 теңге көлемінде айыппұл салынды, - деп атап өтті департаментте.
Сондай-ақ, төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері қазіргі кезде мұздың жұқа болғандықтан шаңғы тебу, балық аулау немесе кез келген әрекеттерді жасауға болмайтынын ескертеді.