Аққулыда жүз ағаш көшеті отырғызылды
Акцияға мектеп оқушылары ат салысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында ұйымдастырылған «Жасыл аймақ» апталығы барысында мектеп түлектері аудан орталығына жүз ағаш отырғызды.
Іс-шараға ауданның құрметті азаматтары, мәдениет үйінің әртістері, ауыл жұртшылығы, оқушылар мен жастар қатысты.
Экологиялық акцияны мәдениет, ішкі саясат, экономика және білім бөлімдері ұйымдастырды. Аудандық халық шығармашылығы және мәдени-демалыс қызметі Орталығы өз үлесін қосты.
- Іс-шараның мақсаты-өскелең ұрпақты туған өлкенің тазалығын сақтауға, табиғат игіліктерін қорғауға және оларға ұқыпты қарауды үйрету. Жастарды туған жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу керек, - деп түсіндірді Аққулы ауданының ішкі саясат бөліміндегілер.
Айта кетелік, аудандық ішкі саясат бөлімі, Аққулы жалпы орта білім беретін мектеп пен аудандық мәдениет үйі, Аққулы ауылдық округімен бірлесесен сбілікке 60-қа жуық тұрғын шықты.