Аққулының айтыскері жастарды ел дамуына үлес қосуға шақырды
Ол реформадағы өзгерістер туралы ойларымен бөлісті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Аққулы аудандық мәдениет үйінің музыкалық жетекшісі Есім Бейбітхан еліміздегі әрбір оң өзгерісті жастар қолдайтынын жеткізді.
- Жаңа Конституция мен үшін ел болашағын қалайтын жастар ретінде заңның бәр бабы мен тармағы азаматтық құқықтар мен әлеуметті нығайту өте маңызды. Әсіресе, мемлекеттік басқару мен қоғамдық бақылауды күшейтетін баптарға енгізілген өзгерістер біздің еркін дамуымызға жол ашады. Еліміздің жастары ретінде біз заң үстемдігін қолдаймыз және осы өзгерістер орындалатынына сенеміз, - деді ол.
Еске сала кетейік, сайлау 15 наурыз күні өтеді.