Ақсуда саусақтарын терезеге қысып алған зейнеткер құтқарушыларға жүгінді

Ақсуда саусақтарын терезеге қысып алған зейнеткер құтқарушыларға жүгінді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ол қолын шығара алмай қалған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 2 қазанда сағат 18:22-де Астана көшесіндегі пәтерде әйел сол қолының саусақтарын пластикалық терезеге қыстырып алғаны туралы хабарлама түскен. 

Механизм кептеліп қалғандықтан, әйел қолын өз бетінше босата алмаған. Ақсу қаласы жедел құтқару жасағының қызметкерлері арнайы құралдардың көмегімен пластикалық терезені ашып, қарт адамның қолын босатты.