Павлодарлықтар онкологтың қабылдауына жазылусыз кіре алады

Павлодарлықтар онкологтың қабылдауына жазылусыз кіре алады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Тұрғындар өздерімен бірге жеке куәліктерін алу қажет, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

5 қазанда сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін бас және мойын қатерлі ісігінің алдын алуға және ерте анықтауға арналған ашық есіктер күні өтеді. 

– Барлық ниет білдірушілерді онкологтан тегін және алдын ала жазылусыз кеңес алуға шақырамыз, – делінген хабарламада.

Ашық есіктер күні Российская көшесі, 57/3 ғимарат, А корпусы мекенжайында болады. Байланыс телефоны: 66-00-91, 66-00-97, 66-00-98.