Ақсуда жер учаскелеріне конкурс жарияланды
Пайдалануға берілетін жердің шамамен тоқсан пайызы жайылымға арналған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қалалық жер қатынастары бөлімінің мәліметінше, 27 қаңтарда сағат 10:00-де шаруа немесе фермер қожалығын, ауылшаруашылық өндірісін жүргізу үшін, ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерінен уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру бойынша жалпы алаңы 16 964,19 гектар жерге конкурс өткізіледі. Оның ішінде 14 979,09 гектар – жайылым, 500,4 гектар – түбегейлі жақсартылған жайылым, 1 314,4 гектар – егістік, 39 гектар – суармалы егістік, 131,3 гектар – өзге алқаптар.
Өтінімдер 13 қаңтардан бастап 24 қаңтарды қоса алғанда Астана көшесі, 52 мекенжайы бойынша қолма-қол немесе пошта арқылы қабылданады.
Конкурсқа қатысу үшін өтінім мен конкурстық ұсыныс құжаттары қажет.
Жер учаскелерінің тізбесі жергілікті баспасөз басылымдарында жарияланған.
Толық ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады: +7(71837)24-3-03.