Алматы маңында жер сілкінді

Алматы маңында жер сілкінді
Фото: EPA/Claudio Peri

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі не қарасты сейсмологиялық тәжірибе-әдістеме экспедициясы 14 ақпан күні Алматы уақытымен сағат 16.00-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан шығысқа қарай 71 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан.

Энергетикалық санаты – 8.8.

MPV магнитудасы – 4.2.

Тереңдігі – 25 шақырым.

МSК-64 бағаны бойынша сезілгені туралы мәліметтер жоқ.