Олжас Бектенов Президент тапсырмаларын іске асыру мәселесін талқылады

Олжас Бектенов Президент тапсырмаларын іске асыру мәселесін талқылады
Фото: Telegram/Ukimet

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын жүзеге асыруға арналған кеңес өткізді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Кеңес 10 ақпанда өткен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша ұйымдастырылды. Жиында Президент жүктеген міндеттерді орындау тетіктері мен алдағы басым бағыттар қаралды.

Премьер-министр Мемлекет басшысы жаңа Конституция жобасының маңыздылығына ерекше тоқталғанын атап өтті. Оның айтуынша, ұсынылып отырған өзгерістердің ауқымы мен тарихи мәні зор, ал талқылау процесі ашық форматта жүргізілуде.

Сондай-ақ жаңа Конституция жобасында «адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін» қағидаты айқын көрініс тапқаны айтылды. Конституциялық реформаның басты мақсаты — саяси жаңғырумен қатар, экономиканың сапалы өсімін қамтамасыз ету.

Үкімет алдында бірінші кезекте халықтың табысын арттыру және әл-ауқатын жақсарту міндеті тұрғаны атап өтілді. Кеңес барысында осы бағыттағы нақты қадамдар пысықталды.