Алматыда туристер қар көшкінін тудырды

Ол жерде блокбекет қойылған еді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, «Шымбұлақ» тау шаңғы курортында үш шаңғышы өз еркімен шаңғы аймақтарынан шығып, қар беткейін кесіп, көлемі шамамен 3500 м3 қар көшкінін тудырды. Осыған байланысты екінші аспалы жол уақытша жабылды.
ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» мамандары бұған дейін 7 наурызда тиісті ұсынымдар беріп, блокбекет қойды. Алайда бұл шараларды ешкім елемеді.