Қазақстанда 120 шақты полицейдің есімдері Наурыз

Қазақстанда  120 шақты полицейдің есімдері Наурыз
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Қазақстанның Ішкі істер министрлігі ерекше статистиканы ұсынды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Polisia.kz ақпараттық-медиа порталының мәліметінше, қазақстандық полиция қатарында Наурыз есімді 119 тәртіп сақшысы қызмет етеді.

Балаға ат қою рәсімі қазақ мәдениетінде әрдайым маңызға ие. Адамның есімі оның тағдырымен, болашағымен тікелей байланысты деген ұғым да бар. Ат тарихи оқиғалар мен тұлғаларға ғана арналып қойылмайды. Ол табиғи құбылыстарға, ата-ананың тілек-сеніміне қарай таңдалуы мүмкін. 

Наурыз есімді 119 полицейдің ішінде төртеуі нәзік жандылар.  

Наурызбай — 55 

Наурызбек — 41 

Наурыз — 12 

Наурызгүл — 4 

Наурызхан — 3 

Наурызғали — 2 

Наурызжан — 1 

Бекнаурыз — 1 

Бұл статистика Наурыз дәстүрлері мен мәдениетінің заманауи Қазақстанда нығайып келе жатқанын айқын көрсетеді.