Анасын балағаттаған: Павлодарлық тұрғынның тәртібіне жарты жылға шектеулер қойылды

Анасын балағаттаған: Павлодарлық тұрғынның тәртібіне жарты жылға шектеулер қойылды
Фото: Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ол құқыққа қайшы әрекеттер жасап, әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Қамзин көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде 34 жастағы мас күйіндегі ер адам анасымен жанжалдасты. Кейінннен әйел полиция қызметкерлерін шақырды.

Ер адам алкогольді ішімдік ішіп, анасына балағат сөздер айтып, жанжал шығарғаны анықталды. Ол отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттері үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Құқық бұзушы бес тәулік қамауға алынды,– деді департаментте.

Материал мамандандырылған әкімшілік сотта қаралды. Ер адамның тәртібіне ерекше талап қойылды.

Сот шешіміне сәйкес ер адамға алты ай бойы алкоголь, есірткі және психотроптық заттарды қолдануға тыйым салынады,– деді департаментте.

Айта кетейік, сот процесінде ер адам кінәсін мойындап, анасынан кешірім сұрады.