Павлодардың солтүстігіне қашан ыстық су беріледі?

Павлодардың солтүстігіне қашан ыстық су беріледі?
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Мамандар болжамды мерзімдерді атап өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, қаланың солтүстік желілік аймағындағы жылу желілерін сынау қорытындысы бойынша «Павлодар жылу желілері» ЖШС мамандары 59 зақымдануды анықтады. Оның төртеуі магистральдік жылу желілерінде, 55-і блокішілік желілерде.

Мамандар сынақтардан кейін анықталған зақымдарды жөндеуге кірісті. Бір айдың ішінде барлық жұмыстарды аяқтап, тұтынушыларды ыстық суға қосу жоспарлануда, – делінген хабарламада.

Қамзин – Малайсары батыр – Естай – Қабдеш Нұркин – Академик Марғұлан – Астана – Набережная – Олжабай батыр – Торайғыров – Сағадат Нұрмағамбетов көшелері және Химқалашық, Лесозавод шағын аудандары мен Солтүстік өнеркәсіп аймағындағы көпқабатты тұрғын үйлерге ыстық су беруді қалпына келтірудің болжамды мерзімдері осында көрсетілген.