Анна Данилина Уимблдон турниріндк миксте екінші айналымға шықты
Қазақстандық теннисші Анна Данилина миксте Уимблдон турнирінің екінші айналымына өтті, деп хабарлайды KAZINFORM.
Америкалық Джеймс Трейсимен бірге жарыстың 8-ракеткасы болып тіркелген А.Данилина алғашқы айналымда ұлыбританиялықтар Эмили Эпплтон — Люк Джонсонмен бетпе-бет келді.
Қазақстандық-америкалық жұп 7:5, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Бір сағат 12 минутқа созылған бәсеке барысында Данилина — Трейси 4 эйспен бірге 4 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланды.
Қарсылас дуэт 6 эйс жасағанымен, 4 брейк-пойнттан ештеңе шығара алмады.
Анна Данилина — Джеймс Трейси ширек финалға шығу үшін франциялықтар Кристина Младенович — Мануэль Гинар немесе индонезиялық Алдила Сутджиади — аргентиналық Гидо Андреосси жұптарының қай жеңгенімен таласады.