Павлодарлық жастар белбеу күресінен ҚР чемпионатында төрт медаль олжалады

Павлодарлық жастар белбеу күресінен ҚР чемпионатында төрт медаль олжалады

Турнир Қызылорда облысында өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық жекпе-жек өнері қауымдастығының мәлімдеуінше, 25-28 мамыр аралығында Жаңақорған қаласында белбеу күресінен республикалық чемпионат өтті.

- Павлодар құрамасының қоржынында бір алтын, бір күміс және екі қола медаль бар, – деді қауымдастық.

Мұнда бірінші орынды Алдияр Айтмұханбет еншілесе, екінші орынды Әсел Манап қанжығалады. Ал Мөлдір Әділбай мен  Минар Илежан қола медальға қол жеткізді.