Асайын Байханов азаматтардың жеке қабылдауын өткізді

Асайын Байханов азаматтардың жеке қабылдауын өткізді
Фото: Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі

Өңір тұрғындары жеке қабылдауға egov порталы арқылы жазыла алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, аймақ басшысының жеке қабылдауына бірнеше шаруа қожалықтың басшылары келіп, алған субсидияларын өтеу жөніндегі талап-арыздар бойынша мәселені көтерді. Сондай-ақ, басшылыққа өңір колледждерінің бірінің қызметкерлері шағымдарымен жүгінді.

Өтініштердің әрбір тармағы бойынша Асайын Байханов әділ шешімді талап етіп, айтылған мәселелерді қарастыруды және оларды заң аясында шешуге көмек көрсетуді тапсырды.

Облыс тұрғындары жеке қабылдауға egov порталы, Е-otinish.kz бірыңғай базасы немесе облыс әкімдігіне келіп өтініш жазу арқылы жазыла алады. Облыс әкімінің жеке қабылдауына жазылуды облыс әкімі аппаратының азаматтардың өтініштерінің қаралуын бақылау бөлімі жүргізеді.