Асайын Байханов: Екібастұздағы үлгілі үйге келесі жылы балалар мен спорт алаңы салынады

Асайын Байханов: Екібастұздағы үлгілі үйге келесі жылы балалар мен спорт алаңы салынады

Ол кеншілер шаһарындағы Шешембеков көшесі, 7 мекенжайында орналасқан тұрғын үй, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы облыс әкімі өзінің Instagram парақшасында жазды.

- Екібастұзда да өзінің үлгілі үйі бар. Бұл туралы маған Павлодар қаласы Лермонтов көшесі, 85 мекен-жайындағы тұрғын үй туралы жақында жарияланған жазбадағы пікірде жазылған еді. Кешегі жұмыс сапарымның барысында мен осы көпқабатты үйдің тұрғындарымен кездестім, - деп жазды Асайын Байханов.

Облыс әкімі аталған үй жылу беру маусымына мұқият дайындалғанын жазды. Айтуынша, жылу торабы, ішкі жүйелері тазартылған. Жертөле құрғақ, жарық бар. Мақсатты төлемдер есебінен кіре беріс есіктер де жөнделген.

- Аталмыш үй тұрғындарының бастамаларын қолдау мақсатында біз 2024 жылы жаңа балалар мен спорт алаңын, ауланы жарықтандыру мен асфальт төсеуге уәде бердік. Қала әкімдігіне жобалау-сметалық құжаттаманы дайындауды бастауды тапсырдым, - дед Асайын Қуандықұлы.

Тұрғындарға өз үйлерін ұқыпты ұстағандары және жауапкершік танытқандары үшін Алғыс хат табыстады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Assain Baikhanov (@asaiyn.baikhan)