Асайын Байханов: Елін қорғау – әрбір азаматтың перзенттік парызы
Павлодар облысының әкімі Отан қорғаушы күнімен құттықтады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ол Отанды қорғау аса жоғары мәртебе әрі абыройлы міндет екенін атап өтті. Ал әскери қызметшілер – рухтың беріктігінің, ерліктің және асқан кәсібиліктің айқын бейнесі.
– Әр жылдарда туған жеріміздің тыныштығы мен қауіпсіздігі жолында жанын қиған ерлердің жарқын рухына тағзым етіп, олардың ерлігін терең құрметпен еске аламыз. Сіздерге зор денсаулық, бейбіт өмір, бақ-береке және ертеңгі күнге деген нық сенім тілеймін. Сондай-ақ сіздерді әрдайым қолдап, қызмет жолындағы ауыртпалықтарды бірге бөлісіп жүрген отбасыларыңыз бен жақындарыңызға ерекше алғысымды білдіремін, – деді өңір басшысы Асайын Байханов.
Сондай-ақ, ол бұл мереке әрдайым еліміздегі тыныштықтың, тұрақтылық пен татулықтың нышаны болуын тіледі.