Павлодарда жүргізушілер уақытша практикалық емтиханнан өте алмайды

Павлодарда жүргізушілер уақытша практикалық емтиханнан өте алмайды
Фото: Константин Шелков

Бұған жүйедегі техникалық ақау себеп болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Павлодар облыстық филиалы хабарлайды.

Космонавтар көшесі, 2 мекенжайында орналасқан мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында жүргізуші куәлігін алу үшін практикалық емтихан қабылдау уақытша тоқтатылды.

Бұған жүйедегі техникалық ақау себеп болды. Қазіргі уақытта қызмет көрсетуші ұйым анықталған ақауды жою бойынша тиісті жұмыстарды жүргізуде.

– Қала тұрғындарынан уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңызға алғыс білдіреміз, – делінген хабарламада.

Практикалық емтихан қабылдаудың қайта басталуы туралы қосымша бұқаралық ақпарат құралдары және ресми дереккөздер арқылы хабарланатын болады.