Асайын Байханов Май ауданының тұрғындарымен кездеседі

Асайын Байханов Май ауданының тұрғындарымен кездеседі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Кездесу 10 желтоқсан күніне жоспарланған, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес 2024 жылғы 10 желтоқсан күні сағат 14.30-да Көктөбе ауылының мәдениет үйінде Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановтың Май ауданының тұрғындарымен тұрақты кездесуі өтеді.

Кездесу облыс әкімдігінің Instagram әлеуметтік желісіндегі @pavlodar_region ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетіледі.

Эфир кезінде пікір жазу функциясы спикерлердің сөз сөйлеуі кезінде өшіріліп, сұрақ-жауап сессиясы кезінде қосылатын болады.