Асайын Байханов Павлодар облысының тұрғындарын Қарттар күнімен құттықтады
Аймақ басшысы қарттарға зор денсаулық, бақ-береке және ұзақ ғұмыр тіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Өңір басшысы бұл күн әкелер мен аналарға, соғыс және еңбек ардагерлеріне, аймақтың қалыптасуы мен дамуына көп жылғы еңбегімен үлес қосқан жандарға алғыс білдіретін ерекше мереке екенін атап өтті.
Асайын Байханов Павлодар облысының бүгінгі жетістіктерінде аға буын өкілдерінің еңбегі зор екенін атап, олардың өмір жолы ел мен туған өлкенің тарихымен тығыз байланысты екенін жеткізді.
– Әрқайсыңыздан үйренеріміз көп. Үлкенге құрмет пен ұрпақтар сабақтастығында отбасымыз бен қоғамымыздың береке-бірлігі жатыр, – деді облыс әкімі.
Асайын Байханов аға буын өкілдеріне зор денсаулық, бақ-береке және ұзақ ғұмыр тіледі. Сондай-ақ балалар мен немерелерінің, туған-туыстары мен жақындарының әрдайым қастарынан табылып, сүйіспеншілік пен қамқорлыққа бөлей беруін тіледі.
Аймақ басшысы аға буынға деген құрмет тек мерекелік құттықтаулармен шектелмей, күнделікті қамқорлықтан көрінуі қажет екенін атап өтті.