Асайын Байханов: Әр дауыс маңызды

Асайын Байханов: Әр дауыс маңызды

Павлодар облысының әкімі ел тарихындағы алғашқы Құрылтай сайлауына қатысып, жерлестерімен бірге өз таңдауын жасады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл — жаңа Конституция күшіне енгеннен кейінгі алғашқы сайлау. Жаңа бірпалаталы Құрылтайдағы 145 мандат үшін жеті саяси партия өз бағдарламалары мен көзқарастарын ұсынып отыр.

Облыс әкімі өңір тұрғындарын сайлауға белсенді қатысуға шақырып, әрбір дауыстың маңызы зор екенін атап өтті.

— Әр дауыс маңызды. Өйткені ортақ таңдауымыз өңіріміз бен еліміздің болашағын айқындайды», - деді Асайын Байханов.

Ол жаңа Құрылтай ел игілігі жолында еңбек ететін азаматтарды біріктіріп, сайлау еліміздегі жаңа мүмкіндіктер мен табысты реформалардың бастауы боларына сенім білдірді.