Асайын Байханов Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының мерейтойымен құттықтады

Асайын Байханов Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының мерейтойымен құттықтады
Суретті түсірген Ж.Жұмабеков

Аймақ басшысы құттықтауды Іnstagram парақшасында жариялады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Асайын Байханов облыс тұрғындарын айтулы мерекемен құттықтап, жақсылық, бейбітшілік және амандық тіледі. 

– Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шығармашылық мұрасы Қазақстан әдебиеті мен қоғамында лайықты орын алады. Бүгінде Мәшһүр атамыздың құрметіне салынған Павлодар қаласының бас мешіті – мұсылман халқының киелі шаңырағына айналды. Ал, 2006 жылы бой көтерген Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының кесенесі Қазақстанның киелі жерлерінің картасына енгізілген. Оған жыл сайын мыңдаған адам зиярат етуге және баба рухына құран бағыштауға келеді, – деп жазды облыс әкімі.

Еске сала кетейік, бүгін Павлодар Ертіс өңірінің тұрғындары ұлы ақын, жазушы, философ және ағартушы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының 165 жылдық мерейтойын атап өтті.

Ұлы жерлесіміздің мерейтойын ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ерекше назарға алып, атап өтті. ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов өңір тұрғындарына Мемлекет басшысының құттықтау хатын оқып, құттықтауын жолдады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Assain Baikhanov (@asaiyn.baikhan)