Астанада парламенттік реформа бойынша жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті

Отырысқа Парламенттің, Президент әкімшілігінің, Үкіметтің және саяси партиялардың өкілдері, заңгерлер, ғалымдар, қоғам қайраткерлері қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қасым-Жомарт Тоқаев Парламенттік реформа – еліміздің, халқымыздың тағдырына тікелей қатысы бар мәселе екенін атап өтті.
– Өздеріңіз білесіздер, өткен аптада арнайы жұмыс тобын құру туралы Өкімге қол қойдым. Парламенттік реформа – еліміздің алдында тұрған аса маңызды, жауапты жұмыс. Жолдауымда бұл мәселе азаматтық секторда, сарапшылар ортасында, сондай-ақ қазіргі Парламентте жан-жақты талқылануы қажет деп нақты айттым, – деді Президент.
Мемлекет басшысы парламенттік реформа – еліміздің, халқымыздың тағдырына тікелей қатысы бар мәселе екенін алға тартып, жұмыс тобының әр мүшесі осы тарихи міндетті дұрыс түсініп, белсенді жұмыс істейтініне сенім білдірді.