Атамекен-Ертіс-Русская поляна тас жолын жөндеу 2026 жылы аяқталады
Биыл аталған бағыттағы тас жолының 226-244 шақырымы мен 257-263 шақырымында күрделі жөндеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Атамекен-Ертіс-Русская поляна бағытындағы жұмыс 2026 жылы аяқталады деп күтілуде. Сонымен қатар, ауданда Панфилов-Бестөбе бағытындағы жолдың жалпы ұзындығы 15 километрі жөнделмек. Бүгінде 3,5 шақырымына жөндеу жүргізілуде.
Бұдан бөлек, Амангелді ауылының кіреберіс жолы жаңартылды. Жұмысқа 17 техника жұмылдырылған. Мердігер «Ай-Су Мелорация» ЖШС өзіне жүктелген міндетті жоспарлы орындауда.
Сонымен қатар, Панфилов-Қосағаш бағытындағы жолдың бес километріне асфальт төселді. Мердігер «Нұрал» ЖШС Панфилов ауылының екі көшесіне, Қызылжар ауылының екі көшесіне, Сілеті ауылының екі көшесіне орта жөндеу жұмысын жүргізді. Мұндай жөндеу Абай ауылының көшелерінде жалғасуда.