Павлодарда әлем халықтарының билері байқауы өтті
Жарысқа 7-16 жас аралығындағы 26 мектептің 412 жас бишісі қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қалалық білім беру бөлімінің мәліметінше, «ЖазғыPOV-2024» жазғы бағдарламасы аясында «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен қалалық мәдениет және демалыс саябағында «DanceMix» – әлем халықтарының билері қалалық байқауын өткізді. Мақсаты – балалардың қызығушылықтары бойынша шығармашылық дамуына жағдай жасау, ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды білу.
«DanceMIX» орындаушылары түрлі халыққа тән дәстүрлі қозғалыстары мен ритмдерді, костюмдерді, әртүрлі стильдердің элементтерін пайдалану мүмкіндігіне ие болды. Байқауға қатысушылар қазақ, орыс, ұйғыр, украин, испан, сыған, татар, кавказ билерін орындады.
– Түрлі бағытта өнер көрсеткен орындаушылардың әрқайсысының жеңіске жету мүмкіндігі болды, қатысушылар өз дағдыларын көрсетті. Әр би ерекше және қайталанбас, – дейді Қ. Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінің хореографиялық шығармашылығы жетекшісі, қазылар алқасының төрағасы Зоя Сафарова.
Байқау қорытындысы бойынша 210 қатысушы түрлі деңгейдегі дипломдармен марапатталды, қалған қатысушыларға «Павлодар дарыны» орталығының сертификаттарын табыс етілді.