Екібастұздың жанындағы саяжайда үй өртенді

Екібастұздың жанындағы саяжайда үй өртенді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін сағат 19:26-да қалалық «101» пультіне «Союз» саяжай қоғамында саяжай үйі өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. 

– Шақыру орнына дереу өрт сөндіру бөлімшелері жіберілді. Өрт орнына жеткен мамандар ешкім тұрмайтын саяжай үйі 30 шаршы метр алаңында жанып кеткендігін анықтады, – делінген хабарламада.

Өрт сағат 20:09-да жойылды.