Павлодарда дәстүрлі тазалық және абаттандыру айлығы жалғасуда

Павлодарда дәстүрлі тазалық және абаттандыру айлығы жалғасуда
pexels.com

Қоқыстарды шығару үшін арнайы техникалар беріледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы қалалық тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі мәлімдеді.

- 23 қыркүйек пен 23 қазан аралығында қаламызда дәстүрлі тазалық және абаттандыру айлығы өтеді. Жиналған қоқысты шығару үшін ТҮКШ бөлімі арнайы техникалар бөледі. Оған 87768035511 телефон нөмірі арқылы тапсырыс беруге болады, - делінген хабарламада. 

Сенбілік күндері тұрмыстық қалдық алаңында қоқыстарды қабылдау тегін болады.