Павлодарлық жұлдыздар алматылық экобелсенділерді қолдады
Рэпер әрі продюсер Әділ Жалелов (Скриптонит) және Айдос Жұмалинов (Dose) #чистогоры экологиялық бастамасына қолдау көрсетті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодарлық музыканттар Instagram желісіндегі өздерінің жеке парақшаларында Алматы ауасындағы түтінді экологиялық апат деп тану жөніндегі постпен бөлісті. Жазбада Қазақстанда ауаның ластану деңгейінің шекті нормаларын өзгерту туралы петиция жарияланған. Оны қазіргі кезде алты мыңға жуық адам қолдаған.
Айта кетейік, оңтүстік астана ауасындағы түтін ұзақ жылдар бойы алматылықтарды мазалайтын өзекті проблемалардың бірі. Автокөлік, кәсіпорындар қалдықтары мен жеке сектор пештерінен шығатын түтін Алматының географиялық орналасуы салдарынан желмен тарамай, қалада ұзақ уақыт тұрақтайды.
Фото: ашық дереккөздерден