Павлодарда трамвай жолдары кезең-кезеңімен жаңартылуда
Жыл басынан бері 40-тан астам рельс түйіспесі жөнделді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Трамвай басқармасында 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығының қорытындылары бойынша есептік кездесулер басталды.
Жол қызметінің мамандарының айтуынша, алты ай ішінде жол шаруашылығын жаңғырту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылған. Жыл басынан бері 40-тан астам рельс түйіспесі жөнделіп, Назарбаев, Ломов, Мәшһүр Жүсіп және басқа да көшелердегі трамвай өткелдері жаңартылды. Сондай-ақ 41 темірбетон плита ауыстырылған.
Бүінгі күнге дейін трамвай өткелдерінің екі учаскесінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.
Жоспарлау-экономикалық бөлімінің басшысы атап өткендей, кәсіпорын тұрақты қаржылық жағдайын сақтап, сенімді жұмыс істеуде.
Басқарма төрағасы Муслим Махмудов жол қызметі мамандарының жұмысын жоғары бағалады. Сонымен қатар, ол жолдарды аралап тексеретін қызметкерлер тарапынан жол шаруашылығының жай-күйіне бақылауды күшейту қажеттігін атап өтті.
– Жөнделген жолдың әрбір метрі – сіздердің еңбектеріңіздің, кәсібиліктеріңіз бен ұйымшыл командалық жұмыстарыңыздың нәтижесі. Адал еңбектеріңіз үшін алғысымды білдіремін, – деді ол.
Есептік кездесудің қорытындысы бойынша ерекше көзге түскен қызметкерлер Құрмет грамоталарымен және ақшалай сыйақылармен марапатталды.