Ertis Promenade-та AKHA және Jaman T өнер көрсетеді
15-21 маусым аралығында тұрғындар мен қала қонақтарына арналған спорттық, мәдени және ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Апталық бағдарлама 15 маусым күні «Павлодар на спорте» жобасы аясындағы TOP STAR фитнес-клубының жаттығуларымен басталады. Ашық аспан астындағы жаттығулар кешкі сағат 20:00-ден 21:00-ге дейін өтеді.
17 маусымда тұрғындар LEONE D’ORO фитнес-клубы ұйымдастыратын йога сабағына қатыса алады. Іс-шара сағат 19:00-де басталады.
18 маусым күні TOP STAR фитнес-клубының кезекті спорттық жаттығулары өтеді.
19 маусымда облыстық халық шығармашылығы және мәдени-демалыс қызметі орталығының шығармашылық ұжымдары «Шабыт толқыны» атты есептік концерт ұсынады. Концерт сағат 19:00-де басталады.
20 маусымда Freedom Team жүгіру клубы ұйымдастыратын Freedom Race 2 жарысы өтеді. Жүгіру марафоны таңғы сағат 07:00-ден түскі 12:00-ге дейін жалғасады. Кешкі уақытта көрермендер «Нұр» би ансамблі мен «Рух» этномикс тобының концертін тамашалай алады. Сонымен қатар сахнада AKHA және Jaman T өнер көрсетеді.
21 маусымда Ertis Promenade-де «Капитан Байтасов» көркем фильмі көрсетіледі. Көрсетілім сағат 18:00-де басталады. Ал кешкі сағат 20:00-де Қазақстан полициясы күніне арналған мерекелік концерт өтеді.
Ұйымдастырушылар павлодарлықтарды және қала қонақтарын ашық аспан астындағы іс-шараларға қатысып, жазғы демалысты қызықты өткізуге шақырады.