«Ertis Promenade» сахынасында — Әлішер Кәрімов

«Ertis Promenade» сахынасында — Әлішер Кәрімов
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қазақ эстрадасының жұлдызы сенбі күні өңірге келеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

13 маусым күні сағат 19:00-де Ertis Promenade сахнасында ерекше кеш. Павлодарлықтар асыға күткен өнерпазбен қауышатын кез.  

— Демалысыңызды естен кетпестей әсерлі өткізгіңіз келсе, сенбі күні басты сахнаны бетке алыңыз. Бұл күні павлодарлықтар Әішер Кәімовтың әуезді әндерін тыңдап, құлақ құрышын қандырады, - дейді ұйымдастырушылар.

Дәл осы күні басты сахнада «Шернияз» би ансамблінің музыкалық-би кештерінің бірі – «OPEN AIR DANCE PVL» бағдарламасы да келушілердің назарына ұсынылады.

Сонымен қатар, өңір тұрғындары 14 маусым күні сағат 19:00-де Ertis Promenade сахнасында «kinoproby_pvl» тобының жанды рок-концертіне тамашалай алады.

Бұл кеште Виктор Цойдың аңызға айналған әндері —«Пачка сигарет», «Группа крови», «Звезда по имени Солнце» және «Перемен» әндері орындалады.