Азия ойындары: Шорт-тректен Қазақстан құрамасы күміс жүлдегері атанды

Бірінші орынды Оңтүстік Корея алды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
ҚР Турзим және спорт министрлігінің мәліметінше, Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарында шорт-тректен 2000 метрге аралас эстафетада ақтық сайыста күміс иеленді. Команда сапында Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Яна Хан, Ермек Малика өнер көрсетті.