АҚШ-тың бұрынғы бірінші ханымы дүниеден өтті
Құрама Штаттардың бұрынғы бірінші ханымы Розалин Картер 96 жасында қайтыс болды. Каzinform бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Картерлер орталығының сайтында жарияланған мәлімдемеде https://www.cartercenter.org/ АҚШ-та 1977-1981 жылдар аралығында жоғары мемлекеттік лауазымды атқарған 99 жастағы Джимми Картердің зайыбы жексенбі күні өз үйінде қайтыс болғаны жазылған.
«Розалин жеткен жетістіктерімнің бәрінде тең дәрежелі серіктесім болды. Ол маған барынша қолдау көрсетті. Розалин тірі болған кезде, мен өзімді әлдебіреу сүйетінін және қолдайтынын әрқашан біліп жүрдім», - деп атап өтті Д.Картер.
«Картер орталығының» хабарлауынша, Розалинге деменция диагнозы қойылған.
Ақпан айында «Картер орталығы» Джимми Картер емханада емін жалғастырмай, үйде хоспис күтімін алуға және өмірінің қалған бөлігін отбасымен өткізу туралы шешім қабылдағанын жеткізді. 2015 жылы оның бауыры мен бас миына таралған қатерлі ісік – меланома диагнозы қойылған.
АВС телекомпаниясының атап өтуінше, Картерлер – тарихта ең ұзақ өмір сүрген президенттік жұп. Олар 1946 жылы үйленген.