Ақсу шаруалары егістіктерді ақбөкендерден қорғауды сұрады

Ақсу шаруалары егістіктерді ақбөкендерден қорғауды сұрады
Фото: gov.kz

Олардың саны көбейіп, егін тапталып жатыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Ақсу қаласында кәсіпкерлердің қала прокурорының бизнес мәселелері жөніндегі орынбасары Жандос Сағатбековпен кездесуі өтті.

Облыстық Кәсіпкерлер палатасының Ақсу филиалы директорының қатысуымен өткен жиында шаруа қожалықтарының басшылары суармалы егістіктерге субсидия беру мәселесін көтеріп, субсидиялар тікелей көрсетілетін қызметтерді ұйымдастыруға кететін бұрынғы төлем алгоритміне оралуды ұсынды.

Сондай-ақ олар ақбөкендер жайлы сөз қозғады. Бизнес өкілдерінің айтуынша, ақбөкендердің саны көбейіп, егінді таптап жатыр. Диқандар егін алқаптарына терең ор қазуға бола ма деп сұрады. Сонымен қатар, олар қадағалау органының басшысына Ақсуда суару суының тарифі көтерілгенін айтты, – дейді баспасөз орталығында.

Ауылдық округтердегі жалға алынған мектеп асханаларының өкілдері коммуналдық қызмет тарифтерін төмендетуді сұрады, себебі бұл оқу орындары қалалықтармен салыстырғанда кадрлармен қамтамасыз етілмейді және табысы аз. Бизнес өкілдерінің барлық сұрақтарына түсініктемелер беріліп, жауап берілді. Кейбіреулері талданып, жауабы кейінірек айтылады.