Ақсу зауытында трансформатор жанды (ВИДЕО)

Ақсу зауытында трансформатор жанды (ВИДЕО)
Фото: Павлодар облыстық ТЖД

Зауыт қызметкерлері өрт сөндірушілер келгенге дейін өз бетінше эвакуацияланды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 21 маусымда сағат 15.54-те Ақсу ферроқорытпа зауытында № 4 балқыту цехындағы трансформатордың жанып жатқаны туралы хабар түскен. 

–  Оқиға орнына келгенде «Қазхром» ТҰК АҚ АФЗ аумағындағы №4 балқыту цехында №41 пештің жанындағы трансформатор ашық жалынмен жанғаны анықталды, – деді департаментте. 

Өрт кезінде көбікті өрт сөндірудің автоматты қондырғысы іске қосылған. 

Екінші трансформатор жануы тоқтатылған, трансформаторлық шахталардағы  №15 белгіде электр сымдары жануда.

Қазіргі уақытта ТЖД-ның 53 қызметкері мен 13 техника жұмыс істеуде, штаб құрылып, 102 және 103 қызмет қызметкерлері орналастырылды.

Өрт сөндірілгеннен кейін қанша аумақ  жанғаны анықталады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Аксу (@aksu.ermak)