Павлодар облысында жылдамдықты асырған жүргізушілер жазаланды
Жылдамдық режимін бұзғаны үшін 400 жүргізуші жауапқа тартылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, заң бұзушылардың бірі Павлодар-Қызылорда автожолында анықталған.
– «Toyota» маркалы автокөліктің жүргізушісі белгіленген қозғалыс жылдамдығынан асып түсті, бірақ себебін түсіндіре алмады. Жүргізушіге айыппұл салынып, ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
Полицейлер қала ішінде де, қала сыртында да жылдамдықты асыру тек жүргізушінің өзіне ғана емес, айналасындағыларға да үлкен қауіп төндіретінін еске салды. Жылдамдықты шектеу – бұл жол қозғалысының барлық қатысушыларының өмірін сақтауға арналған маңызды шара.