Ақсуда бір күнде он бес адам айықтырғышқа түсті
Олар қоғамдық орындарда мас күйде болған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Ақсу полицейлері қоғамдық орында мас күйінде жүрген адамдарды анықтау бойынша профилактикалық жұмысты тұрақты негізде жүргізеді.
Бір тәулік ішінде мас күйінде 15 азамат анықталды. Барлық адамдар мастығы тарағанға дейін уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына орналастырылған.
– Алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе қоғамдық орындарда мас күйінде болғаны үшін құқық бұзушылар жазаланады, әрқайсысына 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады, – дейді департаментте.
Айта кету керек, жыл басынан бері қоғамдық орындарда мас күйінде болған 695 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.