Павлодарда үздік балалар театр ұжымдары анықталды
Ж. Тәшенев атындағы мектепте «Театрдың ғажайып әлемі» республикалық театр өнері фестиваль-конкурсының қалалық кезеңі өтті, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Шараны ұйымдастырушы – «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы.
– Байқауға № 2, 11,15, 17, 35, 40, М. Әлімбаев атындағы, М. Жүсіп атындағы, С. Торайғыров атындағы, М. Әуезов атындағы, Кенжекөл ЖОМ № 11 жалпы білім беретін мектептің 105 оқушысы қатысты. Байқауға қатысушылар драмалық, музыкалық, қуыршақ спектакльдерін, әдеби-музыкалық композицияларды көрсетті, – дейді қалалық білім беру бөлімінде.
«Драмалық спектакль» номинациясы бойынша І орынды С. Торайғыров атындағы мектептің «Домовята» театр ұжымы иеленді. Олар Н. Носовтың «Данно және оның достары» ертегісінен аяқталған үзінді ұсынды. Спектакльге 1-9-сынып оқушылары қатысты.
«Музыкалық спектакль» номинациясы бойынша І орынға «Бедный джентельмен» үшін № 17 мектептің «Драм studio» театр ұжымы, «Әдеби-музыкалық композиция» номинациясында жас жазушы азамат Әбілқайырдың «Ренжіскен кітап пен адамды смартфон қалай татуластырды» ертегісімен № 35 мектептің «Айналайын» театр ұжымы ие болды.
«Қуыршақ спектаклі» номинациясында № 15 мектептің «Теремок» театр ұжымы «Рукавичка» өлеңіндегі орыс ертегісі үшін марапатталды.
Шығармашылық ұжымдар Павлодар қаласы білім бөлімінің түрлі деңгейдегі дипломдарымен марапатталды.