Екібастұзда әскери-спорттық дайындығы мықты мектептер анықталды

Екібастұзда әскери-спорттық дайындығы мықты мектептер анықталды
Фото: Екібастұз қалалық білім беру бөлімі

«Болашақ ұландары» жарысы жалпы білім беретін мектептер арасында өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Әскери-спорттық сайыс Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына, Кеңес Одағының Батыры, Ұлы Отан соғысының қатысушысы, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жылына және Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылуының 36 жылдығына арналды.

Шараға Ауған соғысына қатысушылар-ардагерлер және қорғаныс әстер бойынша бөлім басшысының орынбасары майор М. Ренов қатысты. 

Екібастұз қалалық білім бөлімі мен Ауған соғысы ардагерлері одағы ұйымдастырған жарыста Екібастұз өңіріндегі мектептерден 12 команда бақ сынады. Қатысушылар Калашников автоматын жартылай бөлшектеу және құрастыру, пневматикалық винтовкадан ату, оқ-дәрілер қорабын тасымалдауды жасады, гранат лақтыру, Калашников автоматының оқжатқышына оқ салу, плащ түрінде ЖӘҚК кию бойынша сынға түсті.

Жарыс қорытындысы бойынша Абай Құнанбаев атындағы № 2 ЖОББМ командасы бірінші орынға, № 10 ЖОББМ КММ командасы екінші орынға, № 18 ЖОББМ үшінші орынға ие болды. Жеңімпаз командалар білім бөлімінің кубоктары мен грамоталарымен марапатталды.

Сондай-ақ, жекелей сында жеңімпаздар ұйымдастырушылардың дипломдарымен марапатталды.