Ақсуда елу отбасына жеңілдікпен баспана сатып алу мүмкіндігі ұсынылады
Жеңілдіктер қарастырылған бағдарламаның барлық қатысушылары – электр станция қызметкерлері, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар облысының әкімдігі, ERG және «Отбасы Банкі» ұшжақты келісімге қол қойды. Тұрғын үй алудың жеңілдетілген бағдарламасы Ақсу электр станциясының 55 жылдығына орайластырылды. Пәтерлерді қалалық кезекте тұрғандар арасынан кәсіпорынның 55 қызметкері ала алады.
Павлодар облысы әкімінің орынбасары Дәурен Жамбайбектің айтуынша, оператор «Отбасы Банкі» болып табылады және бұл қарыздарды жеңілдік шарттарымен ресімдеуге мүмкіндік береді. Бағдарламаның жалпы бюджеті – 900 миллион теңге.
– ERG өзінің жоғары әлеуметтік жауапкершілігімен танымал. Жыл сайын әлеуметтік маңызы бар жобаларды ұйымдастыруға үш миллиард теңгеден астам меморандумға қол қойылады. ERG облысымызға көптеген маңызды мәселелерді шешуге өз үлесін қосады, – деді Дәурен Жамбайбек.
ERG бас директорының қаржы жөніндегі орынбасары Данияр Рахматуллаев компания соңғы 14 жылда екі мыңға жуық отбасын баспанамен қамтамасыз еткенін атап өтті.
– Облыс әкімдігі бұл бастаманы қолдағанына өте қуаныштымыз, – деді Данияр Рахматуллаев.
«Отбасы Банкі» келісім бойынша жылдық 5% мөлшерлеме бойынша қарыз беретін болады, бұл ретте қызметкердің міндетті бастапқы жарнасы небәрі 10% құрайды. Егер таңдалған пәтер қымбаттырақ болса, онда сатып алушы жетіспейтін соманы өзі немесе артық зейнетақы жинақтары есебінен төлей алады.