Ақсуда наурыз мерекесінде көкпар кезінде аттан құлаған бала толықтай жазылды

Ол мектепке баруға дайындалып жүр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық балалар ауруханасының нейрохирургі, травматолог Талғат Қасымбековтың айтуынша, наурыздағы көкпар ойындары кезінде бала прожекторға соғылып, бас миына қан құйылып түскен. Оған жедел түрде 4-5 сағатқа созылған күрделі ота жасалып, зақымданған ұйқы артериясы қалпына келтірілген.
– Үш минут ішінде ағза төрт литрге дейін қан жоғалтады. Сол себепті уақытпен жарысқан күрделі операция жүргізуге тура келді. Тамыз айында оған екінші рет ота жасалып, бұрын алынған бас сүйек пластинасы орнына қойылды. Қазір бала толықтай сауығып, мектепке баруға дайын, – деді ол.
Мамандардың айтуынша, жаз айларында балалар жарақаты жиілейді. 2025 жылдың алғашқы жеті айында Павлодар облысында балалар травматологиясына жүгінгендер саны айтарлықтай артқан.
Статистикаға сүйенсек, баланың қатысуымен 320 жол-көлік оқиғасы болды, соның ішінде екі адам көз жұмды. 88 бала биіктіктен құлады, оның ішінде 17-сі терезеден құлап, бесеуі мерт болды. 255 бала күйік алды, оның ішінде 91 бала ауруханаға жатқызылған,
Көше жарақаттары бойынша көрсеткіш артты: өткен жылы 5908 жағдай болса, биыл ол сан 8400-ге жеткен. Дәрігерлердің айтуынша, ең қауіпті жарақат түрлері – терезеден құлау, көлік апаттары және күйік. Ең көп зардап шегетіндер 10 - 12 жас аралығындағы балалар, себебі бұл жаста олар ата-ананың бақылауынсыз жүреді.
Еске сала кетейік, биыл Ақсу ауылдық аймағына қарасты Қызылжар ауылында Наурыз мейрамына арналған мерекелік шара кезінде «Құнан бәйге» ұлттық ойынына қатысқан 16 жастағы жасөспірім аттан құлап кетті. Бәйге кезінде ат шошып, прожекторға соқтығысқан