Павлодар облысында ең қымбаты – балалар киімі
Наурыз айында елімізде киімнің барлық түрлерінің құны 10 пайызға өсті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Жыл басынан бері Қазақстанда бес миллиард теңгеден астам бағаға киім-кешек шығарылды. Негізгі өндірушілер – Алматы облысы, Шымкент және Астана.
Energyprom.kz мәліметінше, 2023 жылдың наурыз айының қорытындысы бойынша балалар киімі – 11 пайызға, әйелдер киімі — 10 пайызға, ерлер киімі – тоғыз пайызға қымбаттады. Павлодар облысында балалар киімінің бағасы айтарлықтай өскен. Яғни 33,4 пайыз.
Негізгі өсу мектеп оқушыларына арналған маусымдық және қысқы күртешелер, костюмдер, жейделер, спорттық костюмдерден байқалады.
Сарапшылар әйелдер киімінің бағасы Атырау, ал ерлер киімінің Ұлытау және Қарағанды облыстарында өскенін атап өтті.
Киім-кешек импорты бойынша, биылғы жылдың екі айында елге 28 мың тонна 388 миллион АҚШ долларынан астам экспортталды. Атап айтқанда, Ресейден, Өзбекстаннан және Беларуссиядан.
Қытайдан, Түркиядан және Бангладештен тағы 16 мың тоннадан астам киім-кешек заттары келді.