Павлодарда көпқабатты үйлерге қашан ыстық су беріледі?

Павлодарда көпқабатты үйлерге қашан ыстық су беріледі?
Фото: Константин Шелков

Қазіргі таңда мамандар жылу желілерін жөндеу жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 қыркүйекке дейін қаланың солтүстік ауданындағы көпқабатты үйлердің басым бөлігінде ыстық су берілген.  

– Солтүстік желідегі 170 көпқабатты үй қазірдің өзінде ыстық сумен қамтылған. Ыстық су берілмеген үйлердің саны – 361. Зақым жойылған соң ыстық суға қосылатын болады, – деді  кәсіпорында. 

Компанияның мәліметінше, ЖЭО-1-де жоспарлы жөндеу жұмыстары жалғасуда. Сондықтан Оңтүстік желі ауданындағы көпқабатты үйлерде 5 қыркүйекке қарай ыстық су қосылады.

Жоспарланған гидравликалық сынақтардан кейін Оңтүстік желі аймағында – 84 жерде, Солтүстікте 67 жерде каналішілік желілер істен шыққан.

Ыстық су  беру кестесін «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ-ның Instagram желісіндегі ресми аккаунтында көруге болады.

Әсия Серікова