Ақсуда қараусыз қалған балалар ауруханаға жатқызылды
Қазір балалар қауіпсіз жерде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қала тұрғыны тәртіп сақшысынан көмек сұраған. Оған туысының ішімдік ішіп, кішкентай балаларының қасында өзін дұрыс ұстамағаны себеп болған. Оның өтініші бойынша полиция инспекторы Назгүл Баядилова жұмыс істеген.
– Қазір балалар қауіпсіз және жылы жерде, мен бұған өте қуаныштымын. Енді тыныш ұйықтай аламын және сәбилерге алаңдамаймын. Инспекторға біздің мәселемізге немқұрайлы қарамағаны, уақтылы шешім қабылдағаны және барлық шараларды қабылдағаны үшін алғыс айтамын. Ол үнемі бізбен байланыста болды, – деп жазады Наталья Прасолова.
Назгүл Баядилованың телефонына белгісіз нөмірден қоңырау түскен. Әйел өзін таныстырып, алыс туысы алкоголь ішетіні және балаларды қараусыз қалдыратыны туралы айтқан.
– Натальямен сөйлескен кезде туысқанымның екі баласы бар екенін білдім: үште және екіншісіне 10 ай. Хабарламаны алғаннан кейін ақпаратты дереу учаскелік инспекторға жібердім, өйткені мәселе жас балаларға қатысты болды. Дереу әрекет ету керек еді, – дейді ол.
Тексеру кезінде балалар үйде жалғыз қалған, есік жабулы болған. Бұл ақпаратты дереу қорғаншылық органдарына хабарлаған. Келген комиссия балаларды алып, дереу қалалық ауруханаға жатқызған. Учаскелік ананы іздей бастаған, оны тек кешке танысынан тапқан.
– Сол күні ол ішімдік ішіп, балаларын үйде жалғыз қалдырып, қонаққа кеткені анықталды, – деді Ақсу қаласының полиция инспекторы Назгүл Баядилова.
Әйел адамның тәртібі Ақсу қаласының кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысында қаралды. Оның шешімі бойынша анасы ата-ана құқықтарынан алты ай мерзімге шектелді. Бұл мерзімде балалар мемлекеттік мекемеде болады.
Осы уақыт ішінде ата-анасы түзету жолына түсіп, алкогольді және басқа да тыйым салынған құралдарды қолданудан бас тартуы, үйде жас балалардың өмір сүруіне барлық жағдай жасауы керек.